UEFA Еуропа чемпионатының іріктеу ойынын кейінге шегерді

UEFA Еуропа чемпионатының іріктеу ойынын кейінге шегерді
Фото: ©uefa.com

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (UEFA) 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Косово мен Израиль құрамалары арасындағы матчты кейінге шегерді. 

Екі ұлттық құрама арасындағы ойын 15 қазан күні Приштинеде өтуі керек болған. Кейінгі шегерілген уақыты соңынан хабарланбақ. 

UEFA мұндай шешімді Израиль және Палестина елдері арасындағы қарулы қақтығысқа байланысты қабылдап отыр. 

Косово мен Израиль құрамалары бақ сынайтын І тобында 6 ойыннан кейін 14 ұпаймен Швейцария құрамасы көш бастап келеді. Одан кейін Румыния (12 ұпай), Израиль (11), Беларусь (4), Косово (4) және Андорра (2) құрамалары орналасқан. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай