Теннистен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы анықталды

Теннистен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы анықталды, - деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

16 жасқа дейінгілер арасында ел құрамасына Марат Шәріпов пен Сергей Квак бастаған бапкерлер штабы мына ойыншыларды іріктеп алды.

Бозбалалар:

Әмір Омарханов (100 Juniors ITF),
Заңғар Нұрланұлы (324 Juniors ITF),
Дамир Жалғасбай (395 Juniors ITF). 

Қыздар:

Полина Слепцова (234 Juniors ITF),
Анастасия Крымкова (578 Juniors ITF),
Іңкәр Дүйсебай (525 Juniors ITF).

Биылғы Davis Cup Juniors Finals ойындары 30 қазан - 5 қараша аралығында Кордовада (Испания) өтеді. Оған Қазақстаннан басқа Аргентина, Бразилия, Перу, АҚШ, Канада, Чехия, Германия, Ұлыбритания, Италия, Нидерланд, Испания, Жапония, Оңтүстік Корея, Таиланд және Марокко командалары қатысады.

Қыздар арасында Billie Jean King Cup Juniors Finals 6-12 қарашада Кордовада болады. Онда Қазақстанмен қоса Аргентина, Бразилия, Колумбия, АҚШ, Канада, Чехия, Латвия, Ұлыбритания, Сербия, Швеция, Испания, Жапония, Аустралия, Алжир және Мысыр құрамалары бақ сынайды

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз