Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы Президентті тойына шақырды

XIX жазғы Азия ойындарының стенд атудан екі дүркін жеңімпазы және қола жүлдегері Әсем Орынбай бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуге қатысып, сөз сөйледі. Ол спорт арқылы өмірлік серігін тапқанын айтып, Президентті тойына шақырды. 

Құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы! Мен осы спорттың арқасында болашақ жарымды кездестіріп отырмын. Ол да спортшы. Қараша айында той болады. Сізді біздің тойымыздың қадірлі қонағы болуға шақырамыз, - деді спортшы. 

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Азия ойындарында жүлде алған спортшылармен кездесті. Арнайы құттықтап, еліміздегі спорттың даму жайына тоқталды. Сондай-ақ мемлекет бюджетінен қаржыландырылатын федерацияларға ревизия жасауды тапсырды

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз