Рыбакина, Сағандықова. Әлем чемпионатына Қазақстан әйелдер құрамасынан кімдер қатысады?

Рыбакина, Сағандықова. Әлем чемпионатына Қазақстан әйелдер құрамасынан кімдер қатысады?
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстан әйелдер құрамасынан "Билли Жин Кинг Кубогы" командалық әлем чемпионатына кімдер қатысатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ярослава Шведова бастаған жаттықтырушылар штабы келесі ойыншыларды таңдап алды: Елена Рыбакина (WTA жекелей рейтингінде 5-орын), Юлия Путинцева (WTA-ның жекелей рейтингінде 68-ші), Анна Данилина (WTA жұптық рейтингінде 32-орын), Жібек Құламбаева (WTA жұптық рейтингінде 154-орын) және Аружан Сағандықова (WTA жекелей рейтингінде 743-орын).

Қазақстан құрамасы В тобына түсті, онда Словения және Аустралия құрамаларымен ойнайды. Аустралиялықтар былтырғы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған, жалпы алғанда олар өз тарихында 7 рет үздік атанды.

2023 жылғы Billie Jean King Cup финалы 7-12 қараша аралығында Севильяда (Испания) өтеді. Әлем чемпионатына Қазақстаннан басқа тағы 11 команда қатысады: Швейцария (2022 жылғы Билли Жин Кинг кубогының жеңімпазы), Аустралия, Франция, Канада, Чехия, Италия, АҚШ, Испания, Словения, Германия және Польша (уайлд-кард иегері).

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан