Қазақстаннан екі бірдей жас теннисші әлемнің топ-100 қатарына кірді

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасында жаңартылған әлемдік рейтингті жария етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова әлемдегі топ-100-дің қатарына кірді.

Оңтүстік Кореядағы ITF Juniors J300 турнирінде жеңімпаз атанған Омарханов бірден 100 сатыға көтеріліп, қазір 100-орында тұр. Асылжан Арыстанбекова 101-ден 88-ге жоғарылады. Сондай-ақ Айя Нұпбай 195-тен 159-ға шықты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!