Пакьяо Париж Олимпиадасына қатысқысы келеді

Пакьяо Париж Олимпиадасына қатысқысы келеді

Филиппиндік танымал кәсіпқой боксшы, алты салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болған Мэнни Пакьяо (62-8-2, 39 КО) 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысқысы келеді. 

Олимпиада ойындарында жас шектеуі болса да (19-40 жас аралығы), боксшы бір жолын тауып қатысуды мақсат тұтуда. Өзінің соңғы арманын орындап, өз еліне алтын медаль сыйлағысы келеді. 

45 жастағы боксшы төртжылдықтың басты додасына тікелей қатысу үшін ресми ұсыныс жолдап үлгерген. Тікелей жолдама 9 боксшыға ғана беріледі. Оның 5-ін әйелдер, 4-ін ерлер иеленеді. Оның өзі қиын жағдайға байланысты іріктеуге келе алмаған елдердің спортшыларына арналған. Егер боксшының ұсынысы қанағаттандырылмаса, іріктеу кезеңдері арқылы жолдама алғысы келеді. 

Мэнни Пакьяо кәсіпқой бокстағы мансабын 2021 жылы Йорденис Угастан жеңілгеннен кейін аяқтады. Бірнеше рет шаршы алаңға қайта оралғысы да келген. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай