Жастарға заманауи көзқараспен қарайтын – Freedom QJ League

Биыл шымылдырығын ашқан жасөпірімдер футбол лигасы көпті таңқалдырауда. Аталмыш жобаның аясында қазірде жас аяқдопшылар бұрын болмаған жағдайға ие. Жаттығулары апталық циклде, кәсіпқой футболшылар сынды өздерінің ойын күнтізбесі бар. Сондай-ақ барлық матч республикалық спорт телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кету керек, QJ League ашылмас бұрын жастарымыз екі айда бір локацияда жиналып, доп тебетін еді. Сол себепті де халықаралық аренада, ойын практикасының аздығынан қарсыластарынан есе жіберген болар. Ал қазір, алғашқы жемісті де көріп үлгердік. Словенияда өткен турнирде жерлестеріміз Португалияға минималды есеппен жеңіліп, Біріккен Араб Әмірлігі және Сауд Арабиясы сынды құрамаларды сенімді жеңді. Нәтижесінде, халықаралық жарыста екінші орын еншіледі. Ал құрамда QJ League-да ойнайтын 17 ойыншы болды.

Осы сәтте лиганың медиа сүйемелдеуін айта кеткеніміз жөн болар. Ашылғанына аз уақыт өткен QJ League қазірде өз оқырмандарын жинап үлгерді. Сондай-ақ жас футболшылармен түрлі контент жасап, сұқбат алып, тұйық ойыншыларды ересектер футболына дайындауда. Бұл дегеніміз расымен де үлкен жұмыс. Себебі қазірде Қазақстан Премьер Лигасында екі сөздің басын қоса алмайтын футболшылар жетерлік. Ал жаңа лиганың негізгі талаптарының бірі, ол ойын соңындағы бапкерлер мен ойыншылардың сұқбат беруі және БАҚ өкілдеріне ашық болуы.

Әлеуметтік желіде барынша қазақ тілінде жазуға талпынған бұл лиганың ерекше сайтын айта кетейік. Біріншіден мұнда барлық ақпарды табуға болады. Команда статистикасы, жекелей ойыншылардың статистикасы, үздік сұрмергендер, ассистенттер, ойын күнтізбесі, лига өмірі және түрлі мақалалар. Сондай-ақ барлық ақпар үш тілде берілген – қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде.

Иә, біздің сайтымыз толық үш тілде жүргізіледі. Және айта кетері, біз сайтты әзірлеу барысында қазақ тіліне спорт терминдерін аудару барысында көптеген қиындықтарға тап болдық. Сол себепті егер қателік тауып жатсаңыздар, лига баспасөз қызметіне жассаңыздар болады. Мұндай деңгейлі сайт ел аумағында еш лигада және клубттарда жоқ деп сеніммен айтуға болады, - дейді QJ League баспасөз хатшысы Бекежан Ардақұлы.

Freedom QJ League ресми сайтында жаңа функцияларды енгізу жалғасуда. Соңғы жаңартулардың бірі үш форматтағы толыққанды турнир кестесі (стандартты, барлық матчтардың нәтижелері көрсетілген шахмат кестесі және командалардың формасы). Барлық деректер команда өкілдері мен төрешілер матч хаттамасына енгізген ақпарат негізінде автоматты түрде есептеледі.

Сонымен қатар, Wyscout аналитикалық платформасының кеңейтілген статистикасын автоматты түрде жүктелуі барлық матчтардың хаттамаларына енгізілген.

Лигадағы әрбір ойыншының кеңейтілген статистикасы бар, ол ойыншылар профилінде де, ойыншылар топтары арасындағы деректерді салыстыру үшін ыңғайлы сүзгілеу жүйесі бар жалпы жиынтық кестеде де қолжетімді.

Лиганың тағы бір артықшылығы, ол ютубта көрсетілетін ойындары комментаторлардың сүйемелдеуімен өтеді. Тіпті кәсіпқой футбол лигасында мұндай жоқ. Сондай-ақ бұл жаңа таланттарды ашу барысында үлкен септігін тигізуде. Себебі, басты талап жас комментаторлады тарту. Осы орайда, қазір лига даусы атану үшін байқау жүргізіліп жатыр.

Жас ойыншыларды таныту мақсатында лига өзінің Fantasy League ойынын ашқан. Ол дегеніміз әрбір қатысушы өзін бейне бір футбол менеджері сезіне алады. Қазіргі таңда QJ League аясында доп теуіп жүрген аяқдопшыларды таңдап, түрлі өзгертулер жасап үздік құрам жасақтау мүмкіндігі бар. Сондай-ақ аталмыш ойын аясында Freedom Mobile ресми серіктестік танытып, белгілі бір апта сайын бағалы сыйлық ұтыс-ойындары өткізіліп тұрады.       

Қазақ футболының болашағы жастардың қолында!

Жарнама материал