"Орны толмас қайғы". Израильде фестиваль өткен жерде танымал футболшы өлі табылды

"Орны толмас қайғы". Израильде фестиваль өткен жерде танымал футболшы өлі табылды
Фото: twitter.com/piemonte_c

Израильдегі Nature Party электрон музыка фестивалі өткен жерден елдің танымал футболшысы Лиор Асулиннің денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Голос народа" басылымына сілтеме жасап.

SHOT мәліметінше, 43 жастағы Асулин жергілікті Премьер-Лигадағы ең мықты шабуылшылардың бірі саналды. Спортшы мансабында көптеген израильдік клубта ойнаған. 

"Орны толмас қайғы. Оның жоғалып кеткені туралы көп сағат өткен соң білдік. Біздің клубтың бұрынғы ойыншысы Лиор Асулинді Раимдегі кеште лаңкестер өлтіргені белгілі болды. "Хапоэль Тель-Авив" футбол клубы осы қиын кезеңде Лиордың отбасы мүшелеріне көңіл айтып, қолдау білдіреді", - деп жазды клуб өкілдері.

Еске салайық, 7 қазанда таңертең "Изз ад-Дин аль-Кассам" бригадасының ХАМАС әскери қанаты бұрын-соңды болмаған операция басталғанын хабарлады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыран атылып, қарулы топтар Израиль елді мекендеріне кірді.

Өз кезегінде Израиль армиясы ондаған жойғыш ұшақтарды пайдаланып, Газа секторына шабуылдар басталғанын хабарлады.

Израиль Ливанға қарсы соққы жасады

Кейінгі дерек бойынша, "ЗАКА" қоғамдық ұйымының еріктілері Израильдің оңтүстігіндегі кибуц Реим электрон музыка фестивалінде 260 адам өлі табылған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек