Тоқтар Таңатқан Азия ойындарының чемпионы атанды

Тоқтар Таңатқан Азия ойындарының чемпионы атанды
Фото: sports.news.cn

Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатқан Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

80 келі салмақтағы финалда Тоқтарбек филиппиндік Эумир Феликс Марсьяльмен қолғап түйістірді. Үш раунд қортындысы бойынша, қазақ боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті - 5:0 (29-28, 29-28, 29-28, 29-28, 29-28). Екінші раундта Тоқтар қарсыласын нокдаунға түсіргенін айта кетейік. 

Еске салайық, бұл жарыстың 1/8 финалында Тоқтар қазақстандық Нұрбек Оралбайды жарыс жолынан шығарып тастаған болатын.

26 жастағы қандасымыз көктемде Өзбекстан астанасында өткен 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz