Азия ойындары: су добынан ұлттық құрама Оңтүстік Кореяны жеңіп, жартылай финалға өтті

Су добынан еліміздің ерлер құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақ ватерполшылары ширек финалда Оңтүстік Кореядан 15-8 есебімен басым түсті. Ойын алғашқы айналымнан бастап, қазіргі чемпионның бақылауымен өтті. Енді финал жолдамасын қазіргі Азия чемпионы Қытай мен Қазақстан 6 қазанда сарапқа салады.

Қазақстан құрамасы ХІХ Азиаданың В тобында бастап, Гонконг пен Сингапурдан басым түсті. Екінші матчта Жапонияға есе жіберген.

Жалпы Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындары тарихында 1994 жылдан бері 6 мәрте чемпион атанып, бір рет үздік үштікті түйіндеген (2006 жылы).

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз