Азиада алтыны! Қамшыбек пен Джалоловтың айқасын қайдан тамашалуға болады?

Азиада алтыны! Қамшыбек пен Джалоловтың айқасын қайдан тамашалуға болады?
Фото: IBA

Бүгін, Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының финалында екі қазақстандық боксшы рингке шығады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана уақытымен 17:00-де Қазақстан атыннан бірінші болып рингке 57 келіде өнер көрсететін Карина Ибрагимова шығады. Оның финалдағы қарсыласы тайвандық Тин Ю Линь.

Ал 19:15-те байырғы қарсыластар Қамшыбек Қоңқабаев пен өзбекстандық Баходир Джалолов 92 келден аса салмақта Азиада алтынын сарапқа салады. 

Бұл жекпе-жектерді Qazsport арансынан немесе арнаның ресми сайтынан тамашалай аласыз. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz