Қоңқабаевтың Олимпиада чемпионымен суперайқасы өтетін нақты уақыт белгілі

Қоңқабаевтың Олимпиада чемпионымен суперайқасы өтетін нақты уақыт белгілі
Фото: Данияр Майлыбаев

Қазақастандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Ханчжоудағы Азиада финалында өзбекстандық Баходир Джалоловпен айқасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

92 келіден аса салмақтағы алтын үшін жекпе-жек 5 қазанда өтеді. Кешкі сессиядағы кездесу Астана уақытымен 19:15 шамасында басталады. 

Осы ретте айта кетейік, 2019 жылға дейін Қамшыбек өзбекстандық қарсыласынан кездесу саны бойынша 3:1 басым болған. Алайда кейін Баходир қатарынан алты жекпе-жекте жеңді. Ақпанда өткен Старнджа кубогінде қазақстандық боксшы жарақатына байланысты Джалоловпен жұдырықтаспай қойды. 

Ташкентте өткен 2023 жылғы ӘЧ-де Джалолов қазақ боксшыны 1/4 финалда жеңіп, кейін турнир алтынын иеленді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz