Каролин Кипкиру екінші рет Азиаданың қола медалін жеңіп алды

Каролин Кипкиру Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында қола медальге қол жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол 5000 метрге жүгіруде мәреге Парул Чаудхари (Үндістан) мен Ририка Хиронакадан (Жапония) кейін жетті. Кипкирудың уақыт көрсеткіші – 15:23.12 секунд. Ол жеңімпаздан 9 секунд қалып кетті.

Ұлттық құраманың тағы бір атлеті Дэйзи Джепкемей жарысты сегізінші болып аяқтады.

Айта кетейік, Каролин бірнеше күн бұрын 10 шақырымға жүгіруде қола жүлдегер атанған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз