Роналду үшінші ойын қатарынан гол соқты

Роналду үшінші ойын қатарынан гол соқты
Фото: ©instagram.com/cristiano/

Португалдық танымал футболшы Криштиану Роналду "Әл-Наср" командасы сапындағы үшінші ойында қатарынан гол соқты. 

38 жастағы шабуылшы Азия чемпиондар лигасындағы ойында "Истиклол" (Тәжікстан) командасына қарсы ойында гол соғып, көзге түсті. Осылайша осы турнирдегі алғашқы голын еншісіне жазса, командада үшінші ойын қатарынан мергендігімен көзге түсіп отыр. 

Роналду мен араб командасы арасындағы келісімшарт 2025 жылға дейін жоспарланған. Осыған дейін 35 ойынға қатысып, 31 гол соққан, 8 нәтижелі пас берген. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай