Елена Рыбакина Бейжіңдегі турнирдің алғашқы айналымында Азия ойындарының чемпионын жеңді

Елена Рыбакина Бейжіңдегі турнирдің алғашқы айналымында Азия ойындарының чемпионын жеңді
Фото: Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі

Елена Рыбакина Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде Азия ойындарының чемпионы Чжэн Циньвэньді оп-оңай жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлемнің бесінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің бірінші айналымында Қытай өкілі, әлемнің 23-ракеткасы Чжэн Циньвэньмен ойнады. Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:1, 6:2 есебімен жеңді.

Елена Рыбакина енді турнирдің келесі айналымында Германия өкілі, әлемнің 53-ракеткасы Татьяна Мариямен кездеседі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан