Бекәділ Шәймерденов кураштан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Бекәділ Шәймерденов кураштан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Фото: gov.kz

Қазақстан құрамасының спортшысы Бекәділ Шаймерденов "кураш" күресінен күміс медаль еншіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Кураштан 81 келідегі Бекәділ Шаймерденов финалда Өзбекстан спортшысы Умид Есановқа есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.

2018 жылы Азия ойындарының бағдарламасына енген бұл спорт түрінен тек 90 келі салмақтағы Ерсұлтан Мұзаппаровқа қола жүлде бұйырған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Жаңбыр қандай жылдамдықпен жауады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек