Чемпиондар шайқасы! Асланбек Шымбергенов өзбек боксшысын нокаутпен жеңді (видео)

Чемпиондар шайқасы! Асланбек Шымбергенов өзбек боксшысын нокаутпен жеңді (видео)

Бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов Ханчжоудағы Азия ойындарының жартылай финалына шықты. Ширек финалда отандасымыз өзбек боксшысы Асадхужа Муйдинхужаевты нокаутпен жеңді. 

71 килоға дейінгі салмақтағы жекпе-жек чемпиондар шайқасы болды. Екеуі де биыл ғана Ташкентте өткен әлем чемпионатында топ жарған боксшылар. Асланбек осы салмақта чемпион болса, өзбек боксшысы 67 килоға дейінгі салмақта үздік атанған еді. 

Чемпиондар арасындағы жекпе-жекте өзбек боксшысы ұпай басымдығымен алда тұрған. Үшінші раундта Аслагбек қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді. Нәтижесінде төрешілер жекпе-жекті тоқтатты. 

Жартылай финалда Асланбек жапон боксшысы Оказавамен жұдырықтасады. 

Айта кетейік, бүгін шаршы алаңға шыққан қазақ боксшылары арасында Махмұд Сабырхан жарысты ерте аяқтаса, Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға шықты. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай