Нұрбек Оралбай Қытайдағы қазақ боксшысына жол берді

Әлем чемпионы Нұрбек Оралбай Ханчжоудағы Азия ойындарының ширек финалына шыға алмады. 80 килоға дейінгі салмақтағы отандасымыз Қытай елі атынан жұдырықтасатын қаны қазақ боксшы Тоқтарбек Таңатқанға төрешілер шешімі бойынша жол берді. 

1/8 финалдағы қос қазақ боксшының жекпе-жегі тартысты өтті. Екінші раундта Нұрбектің ширақ шабуыл, жойқын соққыларынан кейін нокдаун да ашылды. Дегенмен төрешілердің шешімі екіге бөлініп, 3:2 есебімен ринг иесін жеңімпаз деп таныды. 

Айта кетейік, екі боксшы биыл ғана Ташкентте өткен әлем чемпионатының финалында кездесіп, Нұрбек айқын жеңімпаз атанған еді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!