Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде бір айдың ішінде 310 орын жоғары көтерілді

Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова WTA жаңартылған рейтингіндегі орнын жақсартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

18 жастағы Қазақстан теннисшісі өткен апта қорытындысы бойынша рейтингте 76 сатыға жоғарылап, енді 746-орында тұр.

Айта кетейік, Сағындықова бір ай ішінде 310 сатыға көтерілді, жақында ғана ол 1056-қатарда тұрған еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!