Александр Недовесов АТР 250 Astana Open турнирінің ширек финалына шықты

Астанада ATP 250 Astana Open сериясындағы турнирдің жұптық сындағы алғашқы матчтары өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұптық сын бойынша Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Недовесов Эквадор өкілі Гонсало Эскобармен бірге бірінші айналымда Себастьян Баэс (Аргентина) пен Бернабе Сапата Миральесті (Испания) 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Александр мен Гонсалоның ¼ финалындағы қарсыластар кейінірек анықталады.

"Дэвис кубогынан кейін мен Астанада болып, осы турнирге жақсылап дайындалу үшін Қытайдағы жарыстар сериясынан бас тарттым. Маған бұл корттар жақсы таныс, сондықтан тез бейімделдім және бүгінгі матчқа және жалпы жеңіске өте разымын. Мен әрқашан өзіме барынша мақсаттар мен міндеттер қоямын, ал өз еліңде ойнау – екі есе жауапкершілік, сондықтан Астанадағы осы турнирде жеңіске жеткім келеді", - деді Александр Недовесов матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

BeeHome+ қосыңыз. Басты теннис трансляцияларын жіберіп алмаңыз!

Турнирдің басты демеушілері:
ForteBank
Kazzinc: Бірге алар белес көп!
Lexus Kazakhstan
Visa
Turan суы
7/6 теннис киімдер желісі

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз