Бокстан ұлттық құрама капитаны Азия ойындарын жеңіспен бастады

Бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов Ханчжоудағы Азия ойындарын жеңіспен бастады. Отандасымыз бірінші жекпе-жегінде қытайлық қарсыласы Пейчен Ваннан басым болды. 

Қазақ боксшысы бірінші раундтан бастап қарсыласына басымдығын байқатты. Алайда екінші раундта төрешілер шешімі Пейчен Ванға бұрды. Үшінші раундта сенімді жұдырықтасқан Асланбек жеңіске бастар жолды тапты. Есеп – 4:0. 

Айта кетейік, бүгін шаршы алаңға шыққан боксшыларымыз Римма Волосенко мен Сәкен Бибосынов жарыс жолынан шығып қалған болатын. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!