UFC жекпе-жектеріне шығып жүрген қазақстандық спортшы жарақат алып қалды

Қазақстандық танымал аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев жарақат алып қалды. Бұл туралы спортшы instagram желісіндегі сторисінде хабарлады. 

Кішкене қолымыздан жарақат алып қалдық. Тренировканы тоқтата тұрамыз, - деді спортшы оқырмандарына. 

Асу сол қолынан жарақаттанған.

Қазақстандық спортшы қазіргі таңда әлемге танымал UFC ұйымымен келісімшартта. Алғашқы кездесуінде ямайкалық файтер Оди Осборнды екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіп шыққан болатын. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!