Қазақстандық мерген қыз Азия ойындары жеңімпазы атанды

Нысана көздеуден 18 жастағы қазақстандық мерген Зухра Ирназарова Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Осылайша Қазақстан құрамасы қоржынына екінші алтын медальды салды. 

Отандасымыз 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысананы дәл көздеу сынында үздік шықты.

1-орын: Зухра Ирназарова — 560 ұпай
2-орын: Жие Ри — 554 ұпай
3-орын: Оксим Паек — 551 ұпай

Сондай-ақ Зухра Ирназарова, Фатима Ирназарова және Александра Сәдуақасова командалық сында күміс жүлдеге қол жеткізді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!