"Алтын доп" иегері Украина президентінің кеңесшісі болды

"Алтын доп" иегері Украина президентінің кеңесшісі болды
Фото: segodnya.ua

Әйгілі футболшы Андрей Шевченко Украина Президенті Владимир Зеленскийдің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл жайында Украина президентінің ресми сайты хабарлады. 

"Андрей Николаевич Шевченко Украина президентінің кеңесшісі (штаттан тыс) болып тағайындалсын", - делінген қаулыда. Алайда құжатта штаттан тыс кеңесшінің атқаратын қызметі жазылмаған. 

Айта кетейік, Андрей Шевченко Украинадан шыққан танымал футболшы. 2004 жылғы "Алтын доп" иегері. Мансабының жұлдызды шағын "Милан" (Италия), "Челси" (Англия) және "Динамо" (Украина) клубтарында өткізді. 

Танымал шабуылшы 2016-2021 жылдар аралығында Украина ұлттық құрамасын жаттықтырып, соңғы Еуропа чемпионатында командасын 1/4 финалға дейін алып шықты. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай