Қарсыласын нокдаунға түсірген Махмұд Сабырхан Азия ойындарын жеңіспен бастады

Қарсыласын нокдаунға түсірген Махмұд Сабырхан Азия ойындарын жеңіспен бастады
Фото: olympic.kz

Әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Азия ойындарын жеңіспен бастады. Отандасымыз 57 килоға дейінгі салмақта Оңтүстік Корея елінен келген Ичан Лиден басым болды. 

Қазақ боксшысы алғашқы раундтан бастап басымдығын байқатып, шебер жұдырықтасты. Екінші раундта қарсыласын нокдаунға да түсірді. Нәтижесінде төрешілер 5:0 есебімен отандасымызды жеңімпаз деп таныды. 

1/8 финалда Махмұд Сабырхан Солтүстік Корея елінен келген боксшымен жұдырықтасады.

Айта кетейік, осыған дейін қазақ боксшылары арасынан Ертуған Зейнуллин мен Сәкен Бибосынов алғашқы кездесулерін өткізіп, жеңіске жеткен болатын. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай