Достық жеңді! Азия ойындарында Бибісара мен Жансая шахмат тақтасында кездесті

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында шахматшы қазақ қыздары Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік өзара кездесіп, тең түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ойындары есебі бойынша Бибісара 3-ші, Жансая 5-орында келеді. Екеуінде де 3 жеңіс, 1 тең ойыннан бар. 

Осыған дейін шахматшы қазақ қыздары арасында берік қарым-қатынас болмаған. Әлеуметтік желіде бір-бірін тілдеген кездері де болды. Бүгін Бибісара instagram-ғы сторисіне екеуінің қатар күлімдеп отырған видеосын жүктеп, Жансаяны белгіледі. Жансая да видеоны өз сторисінде бөлісті. Бұл қос шахматшының татуласқаны жайлы жақсы белгі болса керек.