Қазақстандық мергендер Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді

Нысана көздеуден Қазақстан құрамасы Ханчжоудағы Азия ойындарында күміс медаль еншілеп, қоржынға 7-ші жүлдені салды. 

10 метр қашықтықтан қозғалыстағы нысананы дәл көздеуде Бахтияр Ибраев, Андрей Худяков пен Асадбек Назиркуляев үздіктер қатарына ілікті. Алтынды Оңтүстік Корея елінің спортшылары еншілесе, қолаға Индонезия елінің мергендері қол жеткізді. 

Бұл Қазақстан құрамасы қоржынына түскен екінші күміс медаль. Бұған дейін дзюдошы Әбиба Әбужақынова екінші орын алған болатын. Сондай-ақ 5 қола жүлде бар. 

Ханчжоудағы Азия ойындары 8 қазанға дейін жалғасады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!