Азия ойындары: Қазақстан қоржынына алтыншы медаль түсті

Азия ойындары: Қазақстан қоржынына алтыншы медаль түсті
Фото: Olympic.kz / Нұрғали Жұмағазы

Ханчжоуда (ҚХР) Азия ойындарының кезекті жарыс күні басталды. Қазақстанның қоржынына алтыншы медаль түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Тұғырдың үшінші сатысына Ислам Сәтбаев пен Александра Ле көтерілді. Олар аралас командалар арасында пневматикалық мылтық атудан (10 метр) қола медаль жеңіп алды.

Үшінші орын үшін матчте қазақстандық атқыштар Иранды озды.

Осылайша, Қазақстан қоржынында алты медаль бар (1 күміс және бес қола).

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина