Күт, Хасанбой! Сәкен Бибосынов Азия ойындарын жарқын жеңіспен бастады

Әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Ханчжоудағы Азия ойындарын сәтті бастады. Отандасымыз бірінші жекпе-жегінде моңғол боксшысы Унуболд Орхонтунгалагты жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сәкен жекпе-жекті толық өз бақылауында өткізді. Қорғаныста мығым, шабуылда ширақ қимылдады. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен отандасымызды жеңімпаз деп таныды. 

Бибосынов келесі кездесуін 28 қыркүйек күні Хасанбой Дусматовқа қарсы өткізеді. Өзбек боксшысы алғашқы жекпе-жегінде Оңтүстік Корея елінен келген спортшыдан басым болды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз