Бокстан Шоқыр Бөлтекұлы атындағы турнир жеңімпаздары анықталды

Қазақ боксының негізін қалаушы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған ХV халықаралық турнир өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтауда өткен бокс бәсекесіне ұлттық құрама боксшылары мен көршілес елдердің спортшылары да қатысты. Кей боксшылар жаңа салмақта бақ сынады. Соның бірі, әлем чемпионы – Санжар Тәшкенбай. Ол Ташкенттегі әлем чемпионатында 48 килоға дейінгі салмақта жеңімпаз атанса, Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған жарыста 51 килода қатысты. 

Санжар Тәшкенбай финалда Даниял Сәбитпен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен қарсыласына жол берді. Осылайша әлем чемпионы жаңа салмақта жеңімпаз атана алған жоқ. Ал ұлттық құрама сапында жұдырықтасып жүрген, 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов та 63,5 килода бақ сынап, жарыс жеңімпазы болды. 

Кәсіпқой бокс пен әуесқой бокста қатар өнер көрсетіп жүрген әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов жарыстың үздік боксшысы атанды. Оған 86 килоға дейінгі салмақта тең қарсылас табылған жоқ. 

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

48 кило
Ернұр Қайрат(Алматы қ.)
Дарын Құлжабаев (Маңғыстау обл.)
Әли Тоқтаров (Астана қ.)
Тілек Махатов

51 кило
Даниял Сәбит (БҚО)
Санжар Тәшкенбай (Астана қ.)
Арнұр Асқанбай (Алматы қ.)
Асхат Жүсіпов (Астана қ.)

54 кило
Самат Жетібаев (Маңғыстау обл.)
Кенже Мұратұлы (Алматы обл.)
Ерасыл Дәулетбай (Алматы қ.)
Ақтілек Орынбасар (Қызылорда обл)

57 кило
Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда обл.)
Ерболат Сабыр (Павлодар обл.)
Жолдас Жеңісов (Маңғыстау обл.)

60 кило
Алмат Абдуали (Жетісу обл.)
Алмас Нұрғали (Алматы қ.)
Оралбек Әбдіқадыров (Астана қ.)
Жаннұр Әділбек (Қызылорда обл.)

63,5 кило
Серік Теміржанов (Павлодар обл.)
Ерасыл Таңқай (Алматы обл.)
Сералы Жолмағанбет (Манғыстау обл.)
Сабыржан Абилов (Қызылорда обл.)

67 кило
Рахат Сейітжан (Манғыстау обл.)
Бахтияр Смағұлов (Павлодар обл.)

71 кило
Сабыржан Аққалықов (БҚО)
Фарух Тоқтасынов (Алматы қ.)
Берекет Тайыров (Манғыстау обл.)
Санатәлі Төлтаев (Манғыстау обл.)

75 кило
Армат Арманұлы (Алматы қ.)
Тимур Нұрсейітов (Алматы қ.)
Тимур Есхожин (Ақтөбе обл.)
Айдар Серікбол (Қызылорда обл.)

80 кило
Жәнібек Қартбаев (Ақтөбе обл.)
Азамат Бектас (Қызылорда обл.)
Илья Кисилев (Астана қ.)
Адам Мальсагов (Жетісу обл)

86 кило
Бекзад Нұрдәулетов (Маңғыстау обл.)
Темірлан Мұқатаев (Астана қ.)
Бекнұр Батырбек (Алматы қ.)
Шаймұрат Құсайынов (Павлодар обл.)

92 кило
Арман Махомов (Өзбекстан)
Данияр Рахымбердинов (Алматы қ.)
Бауыржан Байгөншеков (Павлодар обл.)

+92 кило
Айболды Дәуренұлы (Маңғыстау обл.)
Дамир Тойбай (Алматы қ.)
Ержан Сейтімбетов (Ақтөбе обл.)
Нұрболат Сермаханов (Манғыстау обл.)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!