"Барыстың" жаңа хоккейшісі қанша жалақы алатыны белгілі болды

"Барыстың" жаңа хоккейшісі қанша жалақы алатыны белгілі болды
Фото: hcbarys.kz

Ресейдің "Спорт Экспресс" сайты "Барыс" хоккей клубы қатарын толықтырған жаңа ойыншы Рудольф Червеныйдың жылдық жалақысын жариялады. 

Қазақстандық клуб ойыншымен жыл соңына дейін келісімшартқа қол қойған. Ақпарат дереккөзі бойынша, Рудольфтың жылдық табысы 114 миллион теңгені құрайды. 

Өткен маусымда 34 жастағы хоккейші Ресейдің "Адмирал" клубында ойнаған. 60 ойынға қатысып, 20 ұпай еншілеген. Ал плей-офф кезеңінде 12 ойынға шығып, үш нәтижелі пас берген. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ

О. Сансызбай