Геннадий Головкин Азия ойындарына қатысатын боксшыларға сәттілік тіледі

Геннадий Головкин Азия ойындарына қатысатын боксшыларға сәттілік тіледі
Фото: instagram.com/gggboxing

Геннадий Головкин Қазақстан құрамасындағы боксшыларға алдағы Азия ойындарында сәттілік тіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бірге жаттыққан досымен түскен фотосын жүктеді. 

"Досыммен. Біз Бағланмен бұрын бірге жаттығу жасағанбыз. Сенің бүгінгі жетістіктеріңе, жалпы біздің боксшыларымыздың барлық жетістігіне шын жүректен қуаныштымын. Құрамаға Азия ойындарына сәттілік тілеймін. Олимпиадаға бастар жол сәтті болсын!", - деп жазды Головкин.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан