Бүгін Чемпиондар лигасының топтық кезеңі басталады. Қайдан көруге болады?

Бүгін Чемпиондар лигасының топтық кезеңі басталады. Қайдан көруге болады?
Фото: uefa.com

Бүгін футболдан Еуропаның басты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасының топтық кезеңі басталады.  Алғашқы ойындар Астана уақытымен кешкі сағат 22:45-ке жоспарланған. 

Қазақстандық футбол жанкүйерлері QazSport пен Qazaqstan арналары арқылы 3 ойынды тамашалай алады. 22:45-те QazSport арнасында "F" тобындағы "Милан" мен "Ньюкасл" ойынын тікелей эфирде көрсетеді. Ал түнгі 01:00-де "Лацио" мен "Атлетико" арасындағы ойыннан трансляция таратады. 

Qazaqstan ұлттық арнасы 01:00-де ПСЖ мен "Боруссия Д" командалары арасындағы ойынды көрермен назарына ұсынады. 

Ойындар кестесі төмендегідей:

"F" тобы 

"Милан" - "Ньюкасл" - 22:45 (Астана уақытымен)
ПСЖ - "Боруссия" (Дортмунд) - 01:00

"G" тобы

"Янг Бойз" - "РБ Лейпциг" - 22:45
"Манчестер Сити" - "Црвена Звезда" - 01:00

"H" тобы

"Барселона" - "Антверпен" - 01:00
"Шахтер" - "Порту" - 01:00

"E" тобы

"Фейеноорд" - "Селтик" - 01:00
"Лацио" - "Атлетико" - 01:00

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай