Тоқаев тарихи жеңіске жеткен Ризабек Айтмұқанды құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды. Бұл - тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін", - деді Президент.

Еске салайық, бұған дейін Қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 92 килоға дейінгі салмақта әлем чемпионы атанғаны хабарланған еді. Белград боз кілеміндегі финалда отандасымыз әзербайжандық спортшы Осман Нұрмогамедовті жеңді. 

Тағы да оқи отырыңыз: Төлқұжатты қанша күнде ауыстырып береді?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!