Қазақстан футболында ең көп жалақы алған футболшылар

Қазақстан футболында ең көп жалақы алған футболшылар
Фото: Қайрат ФК

"Дядя Ваня" телеграм арнасы Қазақстан чемпионаты тарихында ең көп жалақы алған футболшылар тізімін жариялады. Тізімге 11 футболшы енген. Олардың барлығы дерлік премьер-лигада ойнап кеткен футболшылар. 

9-11. Марин Томасов ("Астана") - Хорватия 
Жуниор Кабананга ("Астана") - Конго ДР
Бауыржан Исламхан ("Астана") - Қазақстан – айына 60 мың АҚШ доллары (28 миллион теңге)

Командалардағы қаржы мәселесі тұрақты шақта Қазақстан премьер-лигасында ойнаған бұл ойыншылар қомақты жалақы алған. Бұған қосымша сыйақылар қоссаңыз, жоғарыдағы сомадан асып жығылады.

7-8. Андерсон Сантана ("Ақтөбе") - Бразилия
Данило Сирино ("Ақтөбе") - Бразилия – айына 61 мың доллар (28,5 млн теңге)

"Ақтөбеде" ойнаған бұл бразилиялық футболшылардың айлығы жоғары болған. Оны 2015 жылы Ақтөбе облысы әкімі болып тұрғанда Бердібек Сапарбаев айтқан болатын. Бұл сол кезде талайдың таңдайын қақтырып, қоғамда қызу талқыланған да еді. 

6. Данило Неко ("Ақтөбе") - Бразилия – айына 71,7 мың доллар (33,5 млн теңге)

Бұл бразилиялық футболшының да жалақы көрсеткіші ашық деректерден алынған. Ол ақтөбелік командада 2014-2015 жылғы маусымда ойнады. 

5. Маркос Пизелли ("Ақтөбе") - Армения – айына 75 мың доллар (35 млн теңге)

Тегі бразилиялық армян футболшысының жалақысын да марқұм Бердібек Сапарбаев айта кеткен еді. Сондықтан ресми деп айта беруге де негіз бар. 

4. Анатолий Тимощук ("Қайрат") - Украина – айына 91,7 мың доллар (42,9 млн теңге)

Украиналық танымал футболшы алматылық клубта бір маусымда 1,1 миллион доллар алған деректер бар. Ол "Қайратпен" Қазақстан кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. 

3. Вагнер Лав ("Қайрат") - Бразилия – айына 100 мың доллар (46,7 млн теңге)

2020 жылдың жазында алматылық клуб қатарын толықтырған бразилиялық футболшының жалақысы жоғары болған. Ашық дереккөздердегі ақпарат бойынша бір жылда 1,2 миллион доллар табысқа кенелген. 

2. Андрей Аршавин ("Қайрат") - Ресей – айына 120 мың доллар (56 млн теңге)

БАҚ мәліметі бойынша, ресейлік футболшының алматылық клубтағы ресми жалақысы жылына шамамен 1,5 миллион долларды құраған, бірақ бейресми түрде оған дәл сол уақыт аралығында 2,5 миллион жалақы төленген.

1. Жерар Гоу ("Қайрат") - Кот-д’Ивуар – айына 160,5 мың доллар (75 млн теңге)

Ивуарлық басылымдар кезінде оның жалақысы "Қайратта" жылына 1,8-2 миллион еуро арасында болғаны жайлы жазған. Ашық дереккөздердегі ақпарат бойынша, ол Аршавиннен көп жалақы алған. 

Футболшылардың жылдық табысы мен айлық жалақысы ашық дереккөздерден алынған. Барлығы дерлік бейресми ақпарат болып саналады. Олардың еңбекақысы бұдан аз да, тіпті көп те болуы мүмкін.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай