Дэвис кубогы: Қазақстан Болгарияны ұтып, келесі кезеңге шықты

Дэвис кубогы: Қазақстан Болгарияны ұтып, келесі кезеңге шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

София қаласында өтіп жатқан Дэвис кубогының плей-офф матчында Қазақстан құрамасы Болгарияны ұтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 29-ракеткасы Александр Бублик жекелей сында рейтингте 179-орындағы Димитар Кузмановпен шеберлік байқасты.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 7:6 (7:4) есебімен тізе бүктірді.

Бір сағат 41 минутқа созылған кездесуде Бублик 7 эйс жасап, 4 брейк-пойнтты түгел пайдаланды. Кузманов 1 эйс, 3 брейкпен (15 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Александр Бублик есепті 3:1-ге жеткізді. Қалған бір бәсеке ойналса да, ештеңені шешпейді.

Қазақстан құрамасы алдағы жылдың ақпанында Дэвис кубогының финалдық кезеңіне шығу үшін шешуші матч өткізеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан