Қазақстан футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеуін жеңіспен бастады

Қазақстан футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеуін жеңіспен бастады
Фото: instagram.com/kff_team_futsal

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің элиталық раундындағы алғашқы ойында Нидерландты жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін түнде футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Нидерланд құрамасымен кездесті.

Кездесу Алмереде өтіп, 2:0 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

Бірінші таймда қазақстандықтар белсенділік танытып, 3-минутта-ақ Эдсон команданы алға шығарды. 10-минутта Эдсон дубль жасай жаздады, бірақ қақпа маңдайшасына соқты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan national futsal team (@kff_team_futsal)

Екінші таймда, дәлірек айтсақ, 28-минутта Пауло Рикардо Кака шәкірттері Дәурен Тұрсағұловтың күшімен есепті еселей алды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan national futsal team (@kff_team_futsal)

Айта кетейік, Қазақстан және Нидерландтан бөлек "А" тобында Әзербайжан және Румыния құрамалары бар. Отандастарымыз келесі ойынын 20 қыркүйек күні Алматыда Румынияға қарсы өткізеді. 

Әлем чемпионатының элиталық кезеңі бірнеше іріктеуден тұрады. Қазақстан іріктеуді негізгі раундтан (екінші кезең) бастады. Элиталық кезеңге Словения және Черногория құрамалары бар топтан бірінші болып шықты. 

Бұл кезеңде топта бірінші орын алған құрама әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Ал екінші орын алған құраманың қосымша ойындар арқылы жолдамаға қол жеткізуіне мүмкіндік бар. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан