Қазақстандықтар Болгарияға жолдама ұтып алды! Бұл қалай болды?

Жақында Дэвис Кубогы аясында ойындар өтеді, онда біздің Қазақстан құрамасы Болгария құрамасына қарсы матчтар өткізеді. Теннис федерациясының көмегінің арқасында 1xBet компаниясы Instagram әлеуметтік желісінде ұтыс ойынын өткізді, онда лотерея форматында екі жеңімпаз анықталды. Олар - атыраулық Әділ мен алматылық Николай. Біз жолы болған жандармен танысып, бірнеше сұрақ қойдық.

- Сәлем! Қазақстан құрамасының Дэвис Кубогындағы матчтарына Болгарияға сапар ұтыс ойынындағы жеңістеріңізбен құттықтаймыз!

Әділ: Сәлем! Көп рақмет, бұл мен үшін күтпеген жайт болды.

Николай: Сәлем! Көп рақмет, осындай ауқымды іс-шараға қатысып, біздің құрамаға жанкүйер болуға қуаныштымын.

- Айтыңызшы, ұтыс ойыны туралы қалай білдіңіз?

Николай: Instagram желісін қарап отырып, ұтыс туралы кездейсоқ білдім, 1xBet парақшасына жазылғандықтан, жазбаны көріп қалдым да,  "неге қатыспасқа" деп ойладым.

Әділ: Мен Instagram желісіндегі 1xBet парақшасына ұзақ уақыттан бері жазылғанмын, жаңалықтарын әрдайым қадағалап отырамын. 

- Осы конкурста ұтқаныңызды білгенде қандай эмоциялар болды?

Әділ: Бұрыннан 1xBet-тің ұтыс ойындарына қатысып жүрем, ешқашан ештеңе ұтқан емеспін. Ал енді, міне, Болгарияға саяхат! Бұл Еуропада емес пе, мен жеңісіме қатты қуандым. Туыстарыма хабарлаған кезде, олар секем алып қалды, бірақ, менің ойымша, олар сапардан кейін ғана түсінеді.

Николай: Ұтыс ойынындағы жеңісім берген эмоцияны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, мені сол сәтте көру керек еді. Қуанышым қойныма сыймай, сене алмадым. Ұтыс ойындарында тіпті салпыншақ та ұтып алуың екіталай, ал мұнда - Болгарияға сапар.

- Сіз бұрын Болгарияда болдыңыз ба?

Николай: Ешқашан Болгарияда болған емеспін, бірақ әрқашан бүкіл Еуропаны аралағым келетін, міне, бұл бастамасы! 1xBet компаниясы мен Қазақстан теннис федерациясына берген мүмкіндіктері үшін зор алғысымды білдіремін!

Әділ: Әзірге Түркиядан басқа Еуропа көрмегенмін. Менің ойымша, Болгария Еуропаға саяхаттаушы ретінде сапардың тамаша бастамасы болады.

- Тенниске қызығушылығыңыз қалай? Ойнайсыз ба? Қарайсыз ба?

Әділ: Теннисті жақында ғана достарымен ойнай бастадым, әзірге жақсы ойнай алмаймын, бірақ спорт түрі қызықты.

Николай: Өзім ойнап көрмеппін, тек үстел теннисі болмаса, алайда байқап көргім келеді. Мен көрсетілімдерін арасында қарап тұрамын, бірақ барлық кезде қарау мүмкін бола бермейді.

- Сіздің сүйікті теннисшіңіз кім?

Николай: Менің фавориттерім - құрамамыздан Александр Бублик пен Елена Рыбакина. Олардың ойынын көру және өнерлерін тамашалау әрқашан қызықты. Әлем бойынша бұл - Новак Джокович.

Әділ: Теннисті шамамен бір жыл бұрын көре бастадым. Қазіргі уақытта Каспер Руудтың ойыны ұнайды. Оны соңғы Ролан Гарроста байқадым. 

- Сұхбат үшін рақмет. Соңғы сұрақ: Дэвис кубогында Қазақстанның мүмкіндігі қандай деп ойлайсыз?

Әділ: Болгарияның жақсы ойыншылары жоқ, сондықтан Болгарияны жеңу біздікілердің қолынан келеді ойлаймын.

Николай: Менің ойымша, біздің құраманың мүмкіндігі зор, бізде керемет ойыншылар бар. Мен олардың жетістігіне сенемін! Алға Қазақстан!

Ұтыс жеңімпаздарымен қатар командамен бірге блогер әрі спортшы: 1xBet компаниясының амбассадоры Әйгерім Әбілқадирова және RFC, Octagon жауынгері Айтжанов Әділет барады. Біз жерлестерімізден Софиядан қызықты эфирлерін күтеміз. Болгариядағы қазақстандықтардың шытырман оқиғаларын сіз 1xBet компаниясының Instagram аккаунтында, сондай-ақ блогерлердің жеке парақшаларында бақылай аласыз.

1xBet компаниясының әлеуметтік желілердегі парақшаларына жазылыңыз, бағалы жүлделер ұтыс ойындарына қатысыңыз, мүмкін келесі жеңімпаз СІЗ шығарсыз! 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!