Қазақстандық боксшылар Канело – Чарло жекпе-жекке шығатын кеште шаршы алаңға шығады

Қазақстандық боксшылар Канело – Чарло жекпе-жекке шығатын кеште шаршы алаңға шығады

30 қыркүйек күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) супер орта салмақта абсолютті әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес пен бірінші орта салмақта абсолютті чемпион Джермелл Чарло (35-1-1, 19 КО) жұдырықтасады. Бұл бокс кешінде қазақстандық боксшылар да шаршы алаңға шығады. 

Бокс кешінің кардында Бек Нұрмағанбет (10-0, 8 КО) пен Әбілхан Аманқұл (4-0, 4 КО) өнер көрсететін болды. Отандастарымыздың қарсыласы әзірге белгісіз. 

Бек Нұрмағанбет пен Әбілхан Аманқұл Канелоның командасымен ұзақ уақыттан бері жаттығып келеді. Бұған дейін мексикалық шаршы алаңға шыққан бокс кешінде бақ сынап та көрді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Suleimen Promotions (@suleimen_promotions_official)

Әуесқой бокста Әбілхан Аманқұлы 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатында қола алған (2017 ж), 2018 жылғы Азия ойындарында күміс алған. 

Бек болса 2019 жылғы Азия чемпионы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай