Азия ойындарына қатысатын өзбек боксшыларының тізімі жарияланды

Азия ойындарына қатысатын өзбек боксшыларының тізімі жарияланды
Фото: qalampir.uz

23 қыркүйек мен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын өзбек боксшыларының тізімі жарияланды. Олар құраманың үздік боксшыларына сенім артады.

Сары құрлықтың басты додасында Олимпиада жолдамасы беріледі. Сондықтан да Азия елдері кіл мықты боксшыларын алып барары анық. Барлығы 34 Олимпиада лицензиясы (14-і ерлер, 20-сы әйелдер арасында) сарапқа салынады.

Сонымен бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасы Азия ойындарына мына құрамда қатысады:

Ерлер

-51 кило: Хасанбой Дусматов
-57 кило: Абдумалик Халоков
-63,5 кило: Руслан Абдуллаев
-71 кило: Асадхужа Муйдинхужаев
-80 кило: Турабек Хабибуллаев
-92 кило: Лазизбек Муллохонов
+92 кило: Баходир Жалолов

Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі

Айта кетейік, бұған дейін бокстан Ханчжоудағы Азия ойындарына қатысатын қазақстандық ерлер және әйелдер құрамасының тізімі жарияланған болатын. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай