Бахрейн елі атынан жұдырықтасатын Азат Махметов Әбу-Дабидегі жарыста топ жарды

Бахрейн елі атынан жұдырықтасатын Азат Махметов Әбу-Дабидегі жарыста топ жарды
Фото: @MakhmetovSport

Бокстан Бахрейн құрамасы қатарында жұдырықтасып жүрген қандасымыз Азат Махметов БАӘ ашық чемпионатында жеңімпаз атанды. Ол 54 килоға дейінгі салмақта топ жарды. 

Азат Махметов қазақ жерінде дүниеге келген. Қазақстан құрамасы сапына да ілігіп, жарыстарда бақ сынады. 2021 жылы мансабын аяқтауға бел буғанда Бахрейн елінен ұсыныс түсіп, келісім берген. 2 жылдан бері сол ел құрамасы сапында жұдырықтасып жүр. Енді ол Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарында бақ сынайды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

О. Сансызбай