Тарихи финал! Қазақстандық шахматшы қыздар әлем чемпионы атағына таласады

Тарихи финал! Қазақстандық шахматшы қыздар әлем чемпионы атағына таласады
Фото: kazsports.kz

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Францияны 4:0 есебімен жеңіп, алғаш рет командалық әлем чемпионатының финалына шықты, – деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама сапындағы Бибісара Асаубаева, Әмина Қайырбекова, Меруерт Камалиденова мен Алуа Нұрманова осылайша сенсация жасады.

Бүгін финал Қазақстан мен Грузияның шахматшы қыздары арасында өтеді. Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады. Бұл ойынның нәтижесіне қарамастан Қазақстан командалық әлем чемпионатында жүлде жүлде алған 6 мемлекеттің бірі болады. Қазақстан бұған дейін ширек финалдан ары аса алмаған еді.

Айта кетейік, шахматтан IX командалық әлем чемпионаты Польшаның Быдгощ қаласында өтіп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

О. Сансызбай