Футболдан Қазақстан құрамасы Финляндиядан ұпай еншілей алмады

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өткен кездесуде Қазақстан ұлттық құрамасы Финляндияға жол берді. "Астана Аренада" өткен ойында қонақтар 0:1 есебімен жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ойынның бірінші таймында есеп ашылған жоқ. Қауіпті сәттер де көп болмады. Аслан Дарабаевтың бір соққысын фин қақпашысы Лукас Градецки қайтара білді. 

Екінші таймды қонақтар ширақ бастады. Жылдам гол соғуға асыққанмен, Қазақстан құрамасы қорғанысы сыр бермеді. 78 минутта Финляндия құрамасы шабуылшысы Оливьер Антман өз мүмкіндігін сәтті пайдаланып, есеп ашты. Бұл гол командасына жеңіс пен 3 ұпай сыйлады.

5 ойыннан кейін Финляндия құрамасы "Н" тобында 12 ұпаймен жеке дара көш бастады. 9 ұпайы бар Қазақстан құрамасы 2-орында келеді. 

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 10 қыркүйек күні Солтүстік Ирландияға қарсы өткізеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!