Елена Рыбакина алғаш рет жылдың қорытынды турниріне қатысады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мансабында алғаш рет WTA ұйымдастыратын жылдың қорытынды жарысына жолдама алды.

Теннистен әйелдер қауымдастығы (WTA) рейтингінде отандасымыз 5476 ұпай жинап үлгерді. Бұл жылдың маңызды жарысына қатысуға жол айқын жол ашады. 

Елена Рыбакинаға дейін жылдың қорытынды турниріне беларус Арина Соболенко мен поляк қызы Ига Швентек жолдама алып үлгерген. 

Жылдың қорытынды жарысына Қазақстаннан бұған дейін бірде-бір теннисші қатыспаған. Жарыс қазан айында Чехияда немесе Сауд Арабиясында өтеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!