Футболдан Қазақстан – Финляндия ойынын қайдан көруге болады?

Футболдан Қазақстан – Финляндия ойынын қайдан көруге болады?
Фото: ҚФФ

Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Финляндиямен ойнайды. "Астана Аренадағы" ойын кешкі сағат 20:00-де басталады. 

"Н" тобындағы маңызды ойынды QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ телеарнаның ресми сайтынан да көруге болады. 

Ойынға румын төрешісі Раду Петреску қазылық жасайды. Оған отандастары Раду Гингуляк пен Мирча Григориу көмектеседі, төртінші төреші – Марцел Бирсан.

Төрт ойыннан кейін "Н" тобында Финляндия және Қазақстан құрамалары 9 ұпаймен қатар келеді. Қосымша көрсеткіштер бойынша ғана финдер алда тұр. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай