Роналду Мессимен бәсекелестіктің аяқталғанын ашып айтты

Роналду Мессимен бәсекелестіктің аяқталғанын ашып айтты
Фото: ©instagram.com/cristiano

Португалдық футболшы Криштиану Роналду аргентиналық Лионель Мессимен арадағы бәсекелестік соңына жетті деп есептейді. Футболшының айтуынша, қазір олардың арасында сыйластық орнаған.

Кім Мессиді жақсы көреді, ол Роналдуды жек көретін, ал кім Роналдуды жақсы көреді, ол Мессиді ұната бермейтін. Қазір мұндай көзқарастарды аңғармаймын, себебі бәсекелестік аяқталды. Бұл керемет еді, жанкүйерлерге ұнады деп ойлаймын. Егер Сіздерге Роналду ұнаса, онда Мессиді жек көрудің қажеті жоқ. Біз екеуміз футбол тарихында ерекше істер атқардық. Бізді әлемде бәрі құрмет тұтады. Әркім өз жолымен жүр. Оның жұмысы да алға басып келеді. Біз 15 жыл алаңда ойнадық, соңында дос болып кеттік деп айта алмаймыз, бірақ біз әріптеспіз және бір-бірімізді сыйлаймыз, - деді Роналду SAPO Desporto-ға берген сұхбатында. 

Айта кетейік, қазіргі таңда Криштиану Роналду Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында ойнап жүр. Месси болса "Интер Майамиде" доп теуіп жүр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

О. Сансызбай