"Жанкүйерлерді қуантуға күш саламыз". Асхат Тағыберген Қазақстан құрамасының дайындығы туралы айтты

"Жанкүйерлерді қуантуға күш саламыз". Асхат Тағыберген Қазақстан құрамасының дайындығы туралы айтты
Фото: Серік Жолдасбай

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев, ұлттық құрама кампитаны Асхан Тағыберген, Бақтияр Зайнутдинов баспасөз мәслихатын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Асхат Тағыберген алдағы ойынға дайындықтары қандай деңгейде екенін айтты.

"Бұл ойынға 100 пайыз дайынбыз деп ойлаймын. Құдай қаласа ертеңгі ойында жеңіске жетуге дайынбыз. Финляндия құрамасы оңай шағылар жаңғақ емес екенін көрсетті. Енді біз өзіміздің жанкүйерлерді, қазақ елін қуантуға барлық күшімізді саламыз" - деді Асхат Тағыберген.

Айта кетейік, ертең Қазақстан ұлттық құрамасы Финляндияға қарсы ойын өткізеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова