Джокович жаңа әлемдік рекорд жаңартты

Серб теннисшісі Новак Джокович жаңа әлемдік рекорд иесі атанды. Ол "Үлкен дулыға" турнирінде 47-ші рет жартылай финалға шықты. Осылайша мансабын аяқтап үлгерген швейцариялық Роджер Федерердің рекордын басып озды. 

Новак Джокович US Open жарысының жартылай финалына 13-ші рет шықты. Кеше ширек финалда өткен ойында америкалық Тейлор Фрицтен басым түсті. 

Жартылай финалда серб спортшысы америкалық Фрэнсис Тиафо мен Бен Шелтон арасындағы ойында жеңіске жеткенімен ойнайды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз