Бокстан ұлттық құрама үздігі бала кезден бергі арманын айтты

Бокстан ұлттық құрама үздігі бала кезден бергі арманын айтты
Фото: ©instagram.com/sakenbibosinov/

51 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасатын қазақ боксшысы Сәкен Бибосынов QAZAQ RING Youtube арнасына сұхбат беріп, алдағы жоспары мен арман-мақсаттары жайлы ойын ортаға салды. 

Менің басты мақсатым да, бала кезден бергі арманым да – Олимпиада чемпионы атану. Бірақ оған дейін арнайы жолдаманы жеңіп алып, соңына дейін талмай еңбектену керек, - дейді боксшы. 

Сәкен Бибосынов елімізге танымал бокс маманы, ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановтың төл шәкірті. 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатының жеңімпазы. 

Қазақстандық боксшы 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Ханчжоуда өтетін Азия ойындарына қатысады. Сол арқылы Олимпиада лицензиясын иеленуге күш салатын болады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай