Бахтиер Зайнутдинов ұлттық құрама сапына қосылды

Бахтиер Зайнутдинов ұлттық құрама сапына қосылды
Фото: kff.kz

Түркияның "Бешикташ" клубында ойнайтын Бахтиер Зайнутдинов Астанада оқу-жаттығу жиынын бастаған ұлттық құрама сапына қосылды, - деп хабарлайды ҚФФ.

Қазіргі таңда Магомед Адиев жаттықтыратын ұлттық құрама Астанада дайындықтарын шыңдауда. Бақтиерге дейін өзге чемпионаттарда ойнап жүрген Рамазан Оразов ("Копер"), Марат Быстров ("Ахмат") және Нұрәлі Әліп ("Зенит") қатарды толықтырған еді. 

Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өз алаңында екі ойын өткізеді. 7 қыркүйек күні Финляндиямен ойнаса, араға үш күн салып Солтүстік Ирландияға қарсы ойнайды. 

Бұған дейін Қазақстан – Финляндия ойынына қазылық жасайтын төрешілер құрамы анықталған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan national football team (@kff_team)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

О. Сансызбай